Шымкенттегі "Хэллоуин": дүкен иесі кешірім сұрады
Шымкенттегі "Хэллоуин": дүкен иесі кешірім сұрады
10,346
оқылды
Арнайы акция аясында арзан бағада спорт киімдерін сатып, дүрбелеңге жол берген дүкен қожайыны шымкенттіктерден кешірім сұрады. Ол акция жайлы Instagram арқылы хабарландыру жасағандықтан дүкенге өте көп адам жиналып, қиындық туындағандықтан учаскелік полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болғанын айтады.
Акция жайлы құзырлы органды алдын ала хабардар етпегендіктен, осындай жағдай орын алды. Сол үшін өздеріңізден кешірім сұраймын. Алда тағы осындай акция ұйымдастыратын болып жатсам, онда бұл туралы құзырлы органды алдын ала құлағдар ететін боламын, – деді дүкен иесі.