Компьютерде жойылған файлдарды қалпына келтіруге болады
Компьютерде жойылған файлдарды қалпына келтіруге болады
Файлдарды жою қағазды отқа тастаумен бірдей емес. Фото Shutterstock сайтынан алынды
1,318
оқылды
Файлдарды жою қағазды отқа тастаумен бірдей емес. Жойылды деген файлдар қоқыс жәшігіне тасталған затқа ұқсайды. Егер қаласаңыз, оны қайтадан жұмыс үстеліне шығаруға болады. Мұның қалай жұмыс істейтінін SlashGear агентігіне сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz хабарлайды. Адам өмірінің көп бөлігі технологияны пайдалануға байланысты болса да, көпшілік оның қыр-сырын біле бермейді. Технология жылдам дамуда және оған ілесу қиынға соғатын болғандықтан түрлі аңыз да тез тарайды. Сол аңыздың кейбірі ақиқатқа жақын болғанымен бір адамнан келесі адамға жеткенше шындық бұрмаланады.
Сондай мифтердің бірі – компьютерден файлды жойған кезде ол мүлдем жоғалады деген сенім. Бірақ шынымен солай ма? Жоқ. 
[caption id="attachment_225922" align="aligncenter" width="1776"]Рисунок5 Файл жойылғанда компьютер оны өшірмейді. Фото Shutterstock сайтынан алынды[/caption] Файл жойылған кезде, компьютер оны шынымен өшірмейді. Оның орнына, компьютер жойылуға жіберілетін файлдың алатын орнын жаңа файлдар үшін қолжетімді деп белгілейді. Жаңа деректер жазылмайынша, ол іс жүзінде жойылмайды.
Себебі файлды өшіру оның үстіне жазу сияқты көп күш-қуатты қажет етеді. Сонымен, уақытты және өңдеу қуатын үнемдеу үшін жаңа файл жазылмайынша ескі (жойылды деген файл) файл компьютерде тұра береді.
Егер қолданушы маңызды құжатын кездейсоқ жойып алса оны қалпына келтіруге болады. Тек жаңа файлдар ескінің орнына әлі қайта жазылмаса болғаны. Жойылған файлды шығарып алу үшін интернетте бірқатар қызметтер бар. Дегенмен, ниеті жаман адамдар да жақында жойылған файлдарды қалпына келтіре алады. Осыған сақ болу керек! Бұл әсіресе, қатқыл дискіні ауыстырып жатқанда маңызды.