Теменов жаңа қызметке тағайындалды
Теменов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: vashgorod.ru
1,427
оқылды
Алматы облысының туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбар Талғатұлы Теменов Алматы облысының туризм басқармасының басшысы болды. Айбар Талғатұлы 1983 жылы туған. Білімі жоғары, 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Елтану», 2007 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.    width= Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мәдениет, тілдерді дамыту, білім және спорт бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің көмекшісі, Ішкі саясат басқармасының Медеу ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бастығы, Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің бас маманы, Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Астана қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығының директоры, «Kazakh-Sino Silkway Company» ЖШС директорының кеңесшісі, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы болып жұмыс істеген. 2022 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.