Ерлі-зайыпты туыстарымен бірге жезөкшелер үйін ашқан

Ерлі-зайыпты туыстарымен бірге жезөкшелер үйін ашқан


Полицейлер ерлі-зайыптылар ұйымдастырған жезөкшелер үйін анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, жезөкшелер үйін ашқан жеті адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленген.
"Ерлі-зайыптылар табыс табу мақсатында қонақүй кешенін жалға алып, ол жерде жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылар әкімші, такси қызметіне жақын туыстарын тартқан", – деді Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифинг барысында.
Интимдік қызмет көрсеткен қыздар таныстары арқылы жұмысқа алынған. Олар келісімшарт бойынша қонақүйде тұрып, 50/50 шарты бойынша жұмыс істеген. Полицияның мәліметінше, ұйымдастырушылар қыздарды ұзақ уақыт ұстау үшін қарызға батыру әдісін қолданған.
"10 қыз 5 мың мен 40 мың теңгеге дейін ақыға қызмет көрсеткен. Қызмет көрсету үшін топ тек түнде – кешкі сағат 21:00-ден таңғы 5-ке дейін жұмыс істеген. Күніне 50-ге жуық тұтынушы келетін болған", – деп қосты ІІМ өкілі.
Күдіктілер қамауға алынды.