"Қан құю керек": Алматыда мотоцикл қаққан жас режиссер жансақтау бөлімінде жатыр
"Қан құю керек": Алматыда мотоцикл қаққан жас режиссер жансақтау бөлімінде жатыр
1,449
оқылды
Танымал режиссер Қанат Бейсекеев өзінің ассистенті, 17 жастағы Әділ Айжарықтың жол апатына ұшырағанын хабарлады. Режиссердің айтуынша, қазір жас жігіт ауыр халде ауруханада жатыр, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Достар, өте өкінішті жаңалық айтқым келіп тұр. «Замандас» фильмін түсірген Әділ Айжарық екі күн бұрын түнде жол апатына түсті. Оны мотоцикл (мүмкін мопед) соғып кеткен екен. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр. Оған қан құю керек», – дейді Қанат Бейсекеев.
Режиссер жол апатына кім кінәлі екенін білмейді. Қолда бар дерекке сүйенсек, аялдамада тұрған Әділді шағын мотоцикл қағып кеткен. Бірақ ол мотоциклді де өзге көлік құралы соғып, ол қатты екпінмен Әділді қағып өтуі мүмкін деген болжам бар.