Азия чемпионаты: қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс қарсыласын нокаутпен жеңді
Азия чемпионаты: қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс қарсыласын нокаутпен жеңді
© stan.kz
514
оқылды
Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Райыс қарсыласын нокаутпен ұтты. Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Сағын Сатыбалдымен шеберлік байқасты. Бірінші раундта төрешілердің бесеуі де Нұрқанаттың басымдылығын көрсетті. Екінші кезеңде Н.Райыс қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Бұдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, нокаутты тіркеді. Осылайша, Н.Сайыс жартылай финалға шығып, ел қоржынын тағы бір медальмен толықтырды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржановтың жүлде алғанын жазған болатынбыз.