Алматы облысында пышақталған 4 адамның жағдайы белгілі болды, бір адам көз жұмды
Алматы облысында пышақталған 4 адамның жағдайы белгілі болды, бір адам көз жұмды
Фото: gov.kz
366
оқылды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жанжалдан кейін ауруханаға түскен 4 науқастың жағдайы белгілі болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 қараша күні түнде 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. «1992 жылы туған науқас сол жақ кеудесіне кесілген жарақат алған. Аурухана бөлімінде ем қабылдауда. Жағдайы тұрақты. 1984 жылы туған науқас бас-кеуде тұсына кесілген жарақат алған. Оған операция жасалды. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайы өте ауыр. 1987 жылғы науқас бас-ми жарақатын, оң жақ иығынан кесілген жарақат алған. Травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Ал төртінші науқас дәрігердің тексеруінен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», – делінген аталған ведомствоның хабарламасында. Еске салайық, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында ер азаматтар жанжалдасып, 5 адам ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. Оның бірі көз жұмды.