Ауыл тұрмысы түзеліп келеді
Ауыл тұрмысы түзеліп келеді
403
оқылды
Ақмола облысында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдардың әлеуметтік жағдайы мен инфрақұрылымдық салаларды жаңғыртуға барынша назар аударылып келеді. Жобаға сәйкес 2019-2021 жыл­дар ішінде ғана шамамен 100 мыңнан астам халық тұратын 35 ауылдың тіршілігіне қан жүгір­ген. Бюджет қоржынынан 18,7 мил­лиард теңге сомасында қар­жы бөлініп, аталған ауылдарда 144 нақты жобалар жүзеге асы­ры­лыпты. Атап айтқанда, әлеуметтік са­ла­дағы 26 және 8 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ны­санына жөндеу жүргізіліп, 208 шақырымдық ішкі жолдар жөн­­делген. Бұдан бөлек 34 шақы­рымдық су тарту желілері, 19 километр жылу жүйелері түзеліп, жылу қазандығы мен екі дене-шы­нықтыру-сауықтыру кешен­дері салынған. Бұл ауылдағы екі қолға бір кү­рек таппаған қаншама халықты жұмыспен қамтуға мұ­рын­дық бо­лыпты.
«Аталған жобаларды жүзеге асы­ру кезінде 1 133 адам уақытша жұ­мысқа тұрып, нысандар пай­да­лануға берілгеннен кейін тағы 48 адам тұрақты жұмысқа орна­лас­ты. Биылғы жоба шең­берінде бағдарламамен тағы 9 мил­лиард теңге қаржы бөлініп, 72 шара жүзеге асырылатын бол­ды. Жоба аясында 58 ауылдың 125 мыңға тарта халқы қамтылатын болды», – дейді Ақмола облысы­ның эко­номика және бюджеттік жоспар­лау басқармасының бас­шы­сы Қанат Дүзелбаев.
[caption id="attachment_226093" align="aligncenter" width="1757"]ауыл © коллаж: Еркебұлан Дүйсеболат[/caption] Ведомство ұсынған деректерге сенсек, қаржы облыстың 17 ауы­лындағы спорттық ойын алаң­дарын орнатуға, 31 ауылдың жал­пы ұзындығы 155 шақырым­дық ішкі жолдарын жөндеуге Егіндікөл және Астрахан ауданын­дағы Колу­тон мектептеріне күрде­лі жөн­деу жүргізуге, сондай-ақ Жақ­сы ауданының Жаңақима, Ар­ша­лы ауданының Түрген, Ерейментау ауданының Новомар­ковка, Це­ли­ноград ауданының Жаңаесіл ауылдарында мәдениет нысан­дарын жөндеуге, Бұланды ауда­нының Никольское және Қара­өзек, Зеренді ауданының Алек­сеев және Есіл ауданының Зареч­ное ауылдарын сумен қам­ту­ға ба­ғытталыпты.Мұнымен қоса, бағдарлама шеңберінде Це­ли­ноград ауданының Қоянды және Қаражар ауылдарын электр желі­лерімен қамту, Жаңақима ауы­лына жаңадан көше жарығын орнату, Жақсы ауданы орта­лығын­­­да денешынықтыру-са­уық­тыру кешенін ашу және Ат­ба­сар ауданы Новосельское село­сын­да фельд­шер­лік-аку­шер­лік пункт ашу қарастырылып­ты.
«Бүгінде жоспарланған 72 жо­ба­ның 38-і толықтай аяқталды. Екі жылдық жобалардың тоғызы келесі жылға қалып отыр. Қазір 25 жоба жүзеге асырылу үстінде. Аталған жобалар орын­далғаннан кейін 71 жаңа жұмыс орын­дары пайда болмақ», – деп то­лықтырды Қанат Дүзелбаев.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарлама­сын­дағы оң өзгерістер қаржылық жағынан да байқалып отыр. Яғни, 2019 жылмен салыстырғанда, бағ­дар­лама шеңберінде бөлінген қаражат үш есеге ұлғайып, 9 мил­лиард теңгеге жеткен. Ал қаржы­лан­дырылатын жобалар саны 2,5 есе өсіп, 29 жоба 72 жобаға дейін көбей­ген. Бұл өз кезегінде ауыл­да­ғы ағайынның тұрмыс-тірші­лігі­нің одан сайын гүлденіп, ха­лық­тың жайлы өмір сүруіне жағ­дай туғызбақ.

Ақмола облысы