Ел қоржынында – үш медаль

Ел қоржынында – үш медаль

Ұлттық құрама шорт-тректен АҚШ-тың Солт Лейк Сити қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде үш медаль иеленді. Жарыстың алғашқы күні Абзал Әжіғалиев 500 метр қа­шықтықта күміс жүлдегер атан­ды. Отандасымыз шорт-тректен қысқа қашықтықтағы эста­фетада әлемнің үздік спортшы­ларының қатарына кіретінін тағы бір рет дәлелдеді. Ал жарыстың екінші күні тәжірибелі шорт-трекшінің бірі Денис Никиша 500 метр қашық­тықта күміс медаль алды. Денис­тің көрсеткіші – 40.675. Ол ірік­теу кезеңінде де, жартылай финалда да қатарынан оқ бойы оза шапты. Сондай-ақ Әділ Ғалиахметов мың метр қашықтықта қола жүл­­дегер атанды. Бұл – Әділдің әлем кубогы кезеңіндегі екінші медалі. Өткен жылы Бейжіңде 1500 метрде күміс жүлдені қан­жығаға байлаған. Жалпы, Қазақстан ерлер құ-рамасы бес мың метр эста­фета­лық жарыста төртінші орынға табан тіреді. Әйелдер үш мың метрлік эстафетада алтын­шы сатыға тоқтады. Оған қоса, Нұртілек Қажығали 1500 метр қа­шықтықта бесінші орын алып, мансабындағы үздік нә­тижеге қол жеткізді. Естеріңізде болса, Монреаль қаласында өткен әлем кубогы-ның алғашқы кезеңінде ерлер құра­масы эстафетада күміс жүлдені иеленген еді. Желтоқсан айында шорт-тректен әлем кубогы кезеңі Алматыда өтеді.

      Айбике ЖАНАСЫЛ