Түркістан облысында нөсер жаңбыр жауып, ауылды су алды
Түркістан облысында нөсер жаңбыр жауып, ауылды су алды
Фото: ТЖД
225
оқылды
Түркістан облысында нөсер жаңбырдан кейін ауылды су басты. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Жаңбыр салдарынан Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылын су алып жатыр. Жалпы, ауылдағы бір балабақша мен жеке сектордағы 25 ауланы және бірнеше көшені су басқан.
«Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суды шығару және инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізуде. Қазір 200-ден астам қап төселді. Су жиналуы ықтимал жерлерге тағы 300-ге жуық қап төсеу жоспарлануда» делінген ТЖД хабарламасында.
Синоптиктер бүгін де өңірде нөсер жаңбыр жауады деген болжам жасап отыр.