Тұқым шаруашылығын дамыту өзекті – Жигули Дайрабаев
Тұқым шаруашылығын дамыту өзекті – Жигули Дайрабаев
254
оқылды
ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Фарид Әбитаев басқаратын майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті. МДТШ ұжымы сүт өндіру және өсімдік шаруашылығы бойынша елімізде өте жоғары көрсеткішке ие. Сондай-ақ онда өз селекциясын жүргізетін заманауи тәжірибе жасау алқаптары бар. Жигули Дайрабаев партияластарымен, МДТШ еңбек ұжымымен кездесу барысында тәжірибе алқаптарын аралап, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Қазақстанды аграрлық державаға айналдыру үшін қорға жақсы тұқымдар қажет екенін айтты. Бүгінде Қазақстанда жетпейтін тұқым шаруашылығын дамытудың маңызды екеніне тоқталды. Мұнда Фарид Әбитаевтың тәжірибесі, МДТШ негіз ретінде алынуы керек  екеніне де тоқталып өтті. Себебі олар қолданатын технологиялардан топырақ сапасы айтарлықтай жақсарғаны байқалған. Ал қазір Қазақстанда қолданылып жүрген технология топырақ сапасын жақсартпайды, тек сақтайды. 5-10 алқапты ауыспалы егістігі бар МДТШ тәжірибе алқаптарындағы топырақ құрылымының жылдан жылға жақсарып келе жатқаны бірден байқалады. Кандидат бұдан кейін жергілікті голштин тұқымы өсірілетін, жоғары өнімділігімен танымал сүт және мал шаруашылығы кешеніне барды. Ұжым жоғары көрсеткішке сапалы менеджмент пен жақсы жем-шөп базасы арқасында жетіп отыр. Мұнда қызметкерлер тұрақты жалақымен қамтамасыз етілген. МДТШ «Солнечный» кентіндегі ауыл тұрғындарына қашанда қамқор. Шаруашылық өз қызметкерлері үшін жақсы, заманауи үйлер салып, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуде. Табысты фермерлік ауылдың дамуына, жергілікті ауыл тұрғындары әл-ауқатының артуына осылай сеп болып отыр.