Жетісуда 13 жастағы жиенін зорлаған ер адамның ісі сотта қаралып жатыр
Жетісуда 13 жастағы жиенін зорлаған ер адамның ісі сотта қаралып жатыр
Фото: Новости Саратова/news.rambler.ru
Жетісу облысында 13 жастағы оқушы қыз нағашысынан зорлық көрген. Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, жәбір көрген оқушыға қатысты сот процесі жүріп жатыр.
«Оқиға биыл 2 тамызда Ескелді ауданы Қаратал ауылында болған. Күдікті – 1979 жылғы ер адам. Ол 13 жастағы жәбірленушінің туған нағашысы болып келеді. Қазір аталған іс Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (Жас балаға күш қолданып, дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаған) бойынша соттың қарауында» делінген ресми хабарламада.
Күдіктінің айыбы дәлелденсе, заңға сәйкес, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.