Қарақат Әбден Ақтөбе тұрғындарымен жүздесті
Қарақат Әбден Ақтөбе тұрғындарымен жүздесті
150
оқылды
Бүгін Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Республикалық сайлауалды штабында жұмыс жүргізіп, үгіт-насихат науқанының барысымен танысты. «Ақтөбе қаласындағы сайлауалды штабына сайлаушылар сауалдары мен ұсыныстарын белсенді жолдауда. Бұл қуантарлық жағдай. Сондай-ақ халықаралық сайлау байқаушылары жолдаған сұрақтармен де жұмыс жүргізілуде. Жалпы, ел өңірлерінде 20 штаб жұмыс істейді, 2000 жуық ерікті жұмылдырылған. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін үлкен аудандық орталықтарда да штабтар ашылған», - деп мәлімдеді Қарақат Әбден. Республикалық штаб басшысы Арман Оразқұловтың айтуынша, Қарақат Әбденнің сенімді өкілдері мен жергілікті штаб басшылары да үгіт насихат-жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. ​«Үміткер сайлауалды жұмыс сапарымен ел өңірлерін аралап жүр. Бүгінге дейін сайлаушылармен 20-дан астам кездесу өткізілді. Қосшы, Қарағанды, Екібастұз, Павлодар, Семей, Талғар, Есік, Ақтөбе қалалары қамтылды. Сондай-ақ ауылдар мен аудандар да назарсыз қалмады.  Үлкен аудан орталықтарында да штабтар жұмыс жүргізуде», - деді ол. Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні – Президенттікке сайлау күні. Алдағы уақытта оның Қызылорда, Ұлытау, Солтүтстік Қазақстан, Қостанай облыстары сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.