«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Павлодар облысында болған жұмыс сапарында Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелермен танысты.
Ата-аналармен болған кездесуде партия төрағасының бірінші орынбасары балаларды қолдау мен құқығын қорғау «Nur Otan»-ның негізгі жұмыстарының бірі екеніне тоқталып, осы мәселені шешу үшін барлық іс-шаралардың қабылданатынын атап өтті.Одан әрі Бауыржан Байбек Екібастұздағы «Nur Otan»-ның қоғамдық қабылдауында болып, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады. Қаралған мәселелердің ішінен ол құдықтың ауыз суын пайдаланып жүрген Сарықамыс ауылының 450 тұрғынының өтінішін партиялық бақылауға алды. Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді жүргізу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.