Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты

Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты

Жантүршігерлік жол апаты қаладағы Төле би мен Абылай хан көшесі қиылысында болды. Абылай хан даңғылы бойымен келе жатқан №98 бағыттағы автобус Төле би көшесімен келе жатқан №201 бағыттағы автобустың бүйірінен соққан. Куәгерлердің айтуынша, №98 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтпек  болған. Салдарынан бір адам қаза тапты. Марқұм ер адам №201 бағыттағы автобустың астында қалып қойған. Оның денесін шығарып алу үшін құтқарушылар шамамен жарты сағаттай айналысты. [caption id="attachment_226226" align="alignnone" > © Павел Михеев[/caption] Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, екі автобустан шамамен 70-ке тарта жолаушы түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаларға жөнелтілген. Соққының қаты болғандығы соншалық, екі қоғамдық көлік те жол шетіндегі саябаққа кіріп кеткен.