Қармақшылықтар сәулелі жол белгілерінің игілігін көреді
Қармақшылықтар сәулелі жол белгілерінің игілігін көреді
781
оқылды
Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданында заманауи үлгідегі сәулелі жол белгілері орнатылды. Осы арқылы түн мезгілінде жол қауіпсіздігін сақтап, көлік қозғалысын реттеуге мүмкіндік артқан. Бұл игілікті іс Қармақшы ауданы әкімдігінің ықпалымен қолға алынып отыр. Аудан әкімдігінің мәлімдеуінше, жаяу жүргіншілердің өткелдеріне жаңа үлгідегі сәулелі жолақ пен жол белгілері қойылған. Соның арқасында түн мезгілінде көліктер де, жаяу жүргіншілер де өз қауіпсіздігіне кепіл бола алады.
«Заманауи үлгідегі жол белгілері арнайы аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынып отыр.  Қазір Жосалы кентінлегі А.Құнанбаев, Қорқыт ата және И.Мүсірбаев көшелеріндегі 7 жерге дәл осындай сәулелі жол белгілері орнатылды. Осы арқылы жолдан келетін қауіпті азайтуға мүмкіндік артады деп үміттенеміз», - дейді Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Мұратов.  
Қармақшы Мұндай игі бастамаға кент халқы дән риза. Заманауи үлгідегі жолақтар мен жол белгілерінің күре жолдан келетін қауіптің алдын алуға ықпалы зор болатынына сеніммен қарайды. Қармақшы
«Кент көшелеріне қойылған жарық сәулелі жол белгілері түнгі мезгілде жол қозғалысын ретке келтіруге мүмкіндікті арттырды. Әсіресе қас-қарайғанда сабағынан үйлеріне қайтатын балаларға өте тиімді болып тұр. Яғни, жастардың жолдан қауіпсіз өтуіне ықпалы зор. Осындай игілікті бастамаға мұрындық болған азаматтарға алғысымыз шексіз», - дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков.