Астана, Алматы және Шымкент қаласында жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынады
Астана, Алматы және Шымкент қаласында жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынады
Еліміздің 3 мегаполисінде жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына сәйкес 2025 жылға дейін жыл сайын 3 мың пәтер салу және сатып алу көзделіп отыр. Биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен 21,6 млрд теңге қарастырылған.
"Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бес жыл мерзімге беріледі. Осы кезең ішінде жастардың өз баспанасының бастапқы жарнасын жинау мүмкіндігі тумақ. Ал кейіннен босаған тұрғын үй келесі үміткерлерге беріледі. Жалпы алғанда, 2019 жылдан бері "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс істейтін жастарға еліміздегі үш мегаполисте 7 мыңға жуық жалға берілетін пәтер салынды",– деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.