Алматыда тағы бір жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты
Алматыда тағы бір жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты
278
оқылды
Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен тағы бір жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Бұл жол-көлік оқиғасы Абай даңғылында сағат 15.00-де орын алған. Қоғамдық көлік Абай даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатып, сол жаққа қарай бұрылып жатқанда сол бағытта келе жатқан BMW көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Екі көлік те механикалық жағынан зақымданды. Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - деді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.