Каспий жағалауынан 130-дан астам итбалықтың өлексесі табылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті хабарлады.
Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий жағалауынан 130-дан астам итбалықтың ұшаларын тапты.
«Қазіргі уақытта ғылыми институттар мен ұйымдардың, сондай-ақ ветеринария бөлімінің қызметкерлері гидробиологиялық, гидрохимиялық талдаулар жасау үшін жануарлар өлген жерде су мен топырақтан сынама алды, сондай-ақ гистологиялық және токсикологиялық зертханалық зерттеулер жүргізуге тіндер, оның ішінде ішкі ағзалар алынды», - делінген мәліметте.