Шымкентте сарбаз 30 автомат пен 27 тапаншаны қолды етті

Шымкентте сарбаз 30 автомат пен 27 тапаншаны қолды етті

Шымкент қаласының жанындағы Бадам әскери бөлімшесінде келісімшарт негізіндегі кіші сержант А. Балғынбай кезекшілік кезінде байқатпай күзет дабылқаққышын өшіріп, қару-жарақ бөлмесінің кілтін қолға түсіріп, бірнеше қару-жарақты алып шығып кеткен. Бұл туралы ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады. Ал, таңертеңнен бері ватсап әлеуметтік желісінде 50-ден аса суық қаруды (30 Калашников автоматы, 27 Макаров тапаншасы, 24 дана 9 калибрлі патрон, 5,45 калибрлі 420 патрон) алып кеткен сержант туралы мәлімет тарап жатыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда қару-жарақ сақтау бөлмесінде белгілі бір мөлшерде қару-жарақтың жетіспеушілігі анықталған. Құқық қорғау органдарының және әскери полицияның күштері әскери қызметшіні және жоғалған қару-жарақты іздестіру және ұстау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізуде, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданған. Назгүл НАЗАРБЕК