2 мыңнан аса отбасы сәбилі болды
2 мыңнан аса отбасы сәбилі болды
282
оқылды
«Аңсаған сәби» мем­ле­кеттік бағдарламасы ая­сында былтыр жасанды ұрықтандыру жолымен 2,4 мыңнан астам сәби өмірге келді. Денсаулық сақтау министр­лігінің мәліметінше, аталмыш бағдарлама аясында жыл сайын экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) жүргізуге 7 мың квота бөлінеді. Соның нәтижесінде 2021 жылы 3 249 әйел жүктілік бойынша есепке алынды, 2 097 отбасында көптен күткен 2 461 бала дүние есігін ашты. Оның ішінде 1 288-і – қыз, 1 172-і – ұл. Көпұрықты жүктіліктен 364 бала туды. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есе ұлғайта отырып іске қосуды тапсырған болатын, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бө­лінді. Бүгінде МӘМС жүйесінде ЭКҰ өткізу бойынша қызметтерді 19 клиника ұсынады, оның 3-і мемле­кеттік болса, 16-сы – жеке меди­цина­лық ұйымдар.