Шыны зауыты алғашқы өнімін шығарды
Шыны зауыты алғашқы өнімін шығарды
Қызылордадағы көп жылдан бері жыр болған шыны зауыты өз жұмысын бастап, алғашқы өнімін шығарды. Өндіріс орны «Orda Glass Ltd» серіктестігі және қытайлық «Чайна Триумф» компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылған болатын. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәлімдеуінше, зауыт шығарған 6 вагоннан тұратын алғашқы өнімі екі вагоннан Шымкент, Алматы және Астана қаласына жөнелтілген. Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс көптеп түсіп жатса керек.  width= «Күздің алғашқы айларында жұмысын бастаған зауыт тұрғылықты халықтың жұмыспен қамтылуына жол ашып отыр. Зауытта өнім өндіруге барлық мүмкіндіктер қарастырылған Өндіріс орнында алдағы уақытта шыныдан түрлі өнімдер өндіріліп, көптеген жұмыс орындары ашылады деп күтілуде», - деп мәлімдеді басқармадан. Бүгінде алғашқы өнімін саудаға шығарып үлгерген зауыт жақын күндері Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінен де тапсырыс қабылдауды жоспарлап отыр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ

Қызылорда облысы