Пара дзюдодан әлем чемпионатының бірінші күнінде спортшыларымыз 4 медаль жеңіп алды

Пара дзюдодан әлем чемпионатының бірінші күнінде спортшыларымыз 4 медаль жеңіп алды

Пара дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатын бірінші күнінде Қазақстан спортшылары 4 медаль жеңіп алды.

Бакуде өткен пара дзюдодан әлем чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан қоржынына 2 «алтын» және 2 «қола» жүлде түсті.

Казақстанға алғашқы алтынды J-2 -48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек сыйлады. Ақмарал финалда Францияның спортшысы Ауриерес Мартинет Сандринмен кездесіп, иппонмен таза жеңіске жетті.

Елімізге екінші алтынды 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерғали Шамей әкелді. Ол финалдық белдесуде неміс спортшысы Сасс Леннартті 1:0 ұпайымен жеңіп, бірінші орынға ие болды.

Ал қазақстандық пара дзюдошылар Даяна Федосова ( -57 кг) мен Олжас Оразалыұлы (-73 кг) әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.