Таразда кітапханашысыз кітапхана ашылды
Таразда кітапханашысыз кітапхана ашылды
© сурет интернеттен алынды
710
оқылды
Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі жастар ертеңгі елдің болашағы. Болашақ мамандардың заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына қажетті ресурсты кітапханадан табуға болады. Осы орайда, «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен Тараз қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ашық кітапхана – адал оқырман» кітапханашысыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрыш ашылды. Аталған бұрыш осы тақырыптағы түрлі газет, журналдар, кітаптар қойылып, оқырманның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық, адалдық құндылықтарын қалыптастыру тақырыптарындағы материалдарды бір жерден алуына мүмкіндік береді. Яғни, оқырмандар ақпаратты іздеп жүрмей, қажетті мәліметтер қолжетімді бір жерден ала алады. Саятхан Сатылғанов