Полицейлер көпірден секірген ер адамды құтқарды

Полицейлер көпірден секірген ер адамды құтқарды

Астанада полицейлер Сарыарқа даңғылы бойындағы көпірден секірген ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 24.kz-тің мәліметінше, таңғы сағат 05:30 шамасында суға секірген тұрғынның әрекеті түсініксіз. Оқиға орнына жылдам жеткен полиция капитаны Самат Сәбит суға батқан ер адамға жүзіп жетіп, жағаға алып шықты. Жедел медициналық көмек көрсетті.

Патрульдік полиция инспекторы Самат Сәбит: «Көпірден суға секірген азамат уақытында құтқарылды. Алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты», – дейді.
Бұған дейін қолдан жасалған қайықпен суға батып кеткен ер адам туралы хабарлаған болатынбыз.