Кеше Алматыда Төле би-Абылай хан көшелерінің қиылысында екі жолаушы автобусы соқтығысты. Бір адам қаза тапты, 21 жолаушы жараланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Видеода екі автобустың соққының екпінімен саябаққа кіріп кеткені анық көрінеді.
Екі автобус көше қиылысында тұрған бірнеше адамды қаққан. Видеода жаяу жүргіншілердің бірі екі көлік арасында қалып кеткеніне қарамастан, аман қалған.