Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Tengrinews.kz-тің мәліметтінше, оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында болған.
Видеодан кірпіш зауытының директоры зауыт жұмысына наразы ауыл тұрғындарына пышақ ала жүгіргені анық көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Облыстық Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.
«Мас болған кірпіш зауытының директорлары мен жергілікті халық арасында жанжал туындағаны рас. Факті Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасында тіркелді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полицейлер.
Бұған дейін Талғарда жол апаты жанжалға ұласқаны туралы жазған болатынбыз.