Қысқы дөңгелек пен оны ауыстырудың бағасы қанша?
Қысқы дөңгелек пен оны ауыстырудың бағасы қанша?
Фото: kolesadom.ru
363
оқылды
Қазақстанда қыс басталды. Көлік жүргізушілері заңнамаға сәйкес, көлігінің дөңгелегін ауыстыруы тиіс, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Naryk.kz-тің хабарлауынша, Қазақстанда автокөліктерге арналған жаңа дөңгелектің орташа құны  – 25%, пайдаланылған дөңгелектер құны 10% қымбаттады. Дөңгелек ауыстыру бағасы 12%-ға, қызметке сұраныс 50%-ға өсті. Ескі дөңгелектердің орташа бағасы оларды ауыстыру маусымында 45 000 теңге болса, жаңалары 80 000 теңгеден сатылуда. Ең қымбат баға Астанада, ең арзаны Ақтауда тіркелген. Көбіне автокөлікке арналған бұл қосалқы бөлшек Алматы (24%), Астана (23%) және Қарағанды ​​(іздеу мен сұрастырудың жалпы санының – 18%) қалаларында сатып алынады. Қызылордада сирек, сұраудың көрсеткіші – 1%. Зерттеуде күзгі-қысқы маусымда дөңгелек ауыстыру қызметінің орташа құны аймаққа байланысты 2 500-ден 6 000 теңгеге дейін болатыны айтылған. Алматылықтар – 6 000 теңге, ең арзаны – Тараз бен Қызылорданың әрқайсысы 2 500 теңгеден төлейді. Жалпы, дөңгелек ауыстырудың бағасы бір жылда 12 пайызға қымбаттады.