Петропавлда ЖЭО-дағы жұмысшы өлімінің себебі белгілі болды
Петропавлда ЖЭО-дағы жұмысшы өлімінің себебі белгілі болды
Фото: basnews.kz
277
оқылды
Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығында жарақат алған жұмысшы қаза тапты. Жұмысшы кәсіпорында мердігер компанияның құрамында құрылыс жұмысымен айналысқан. «СевКазЭнерго» АҚ-тың мәліметінше, «Строительный Центр Арсенал» ЖШС-нің жұмысшысы қаза тапты. Бұл компания Петропавлдағы 2-ЖЭО-да мердігер ретінде құрылыс жұмысын атқарып жатыр.
«5 қараша күні біздің бригада түтін тартатын нысанның шатырын қалпына келтіріп жатты. Мердігер ұйымның қызметкері бізге беймәлім себеппен жұмыс орнында емес, № 3 қазандық агрегатының түтін жолы маңында болған. Сол жерде үйіліп тұрған темір конструкция құлап кетіп, 22 жастағы жұмысшы жарақат алды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі жарақаттанған ер адамды қалалық ауруханаға жеткізді. Сол жерде қайтыс болды. Жазатайым оқиға барлық тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды», – деді «Строительный Центр Арсенал» ЖШС директоры Всеволод Сысолятин.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.