ШҚО-да құны 52,1 млрд теңге болатын көпір өткелі салынып жатыр
ШҚО-да құны 52,1 млрд теңге болатын көпір өткелі салынып жатыр
284
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында құны 52,1 млрд теңге болатын Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелінің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын жайластыру, айналма, технологиялық жолдар, электр беру желілері, түйісулер құрылысы, су өткізу құбырларын орнату, учаске жұмыскерлері үшін екі жатақхананың құрылысы аяқталды, уақытша көпір мен негізгі көпір тіректерінің құрылысы жүргізілуде.  width= 2022 жылға дейін жоба бойынша 3,9 млрд теңге игерілді, биылғы жылға 10,2 млрд теңге бөлінді (РБ – 10 млрд теңге, ЖБ – 0,2 млрд теңге), оның ішінде 8.2 млрд теңге игерілді, бұл ретте жұмыс жұмыс жүргізу кестесінен оза отырып жүргізілуде. Көпір өткелін салу мерзімі 2024 жылға дейін жалғасады.