Қостанай облысында жоғалып кеткен тұрғын даладан өлі табылды. 3 қарашада жоғалып кеткен 26 жастағы Галина Галкина даладан өлі табылған. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Полиция да бұл ақпаратты растаған.
"Бүгін сағат 15.00-де полицейлер далада іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде жоғалған қыздың мәйітін тапты. Полиция іздестіру жұмысы 3 қарашада анасы полицияға жүгінген кезде басталғанын атап өтті", - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.Қыз жоғалған күні соталды тергеу бастау туралы іс жүргізу шешімі қабылданған. Қазір өлім себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.