Елордалық дәмханалардың бірінде даяшы 60 жастағы тұрғынды тонап кеткен
Елордалық дәмханалардың бірінде даяшы 60 жастағы тұрғынды тонап кеткен
430
оқылды
Елордалық дәмханалардың бірінің даяшысы 60 жастағы келушіні тонап кетті, - деп хабарлайды  Рolisia сайты. Астана тұрғыны полицияға 690 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтып арызданған. Тергеу барысында ер адамның кешкі уақытта Құдайбердіұлы көшесіндегі шағын дәмханада алкогольдік ішімдік ішкені анықталды.
«Мекеме қызметкері келушілерге қызмет көрсету кезінде оның әмиянында ақша бар екенін байқаған, клиент сыртқа шыққанда, оның соңынан еріп, оған жақындап, артынан мойнынан ұстап, тұншықтырған. Даяшы жасаушы ер адамның қолындағы әмиянды жұлып алып, қашып кеткен», - деді полиция.
Полицейлер күдіктіні Қарағандыда ұстады. Ол кінәсін мойындаған 28 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты.
"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елордада жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство.