Атырау облысында жол апатынан 14 жастағы бала қаза тапты
Атырау облысында жол апатынан 14 жастағы бала қаза тапты
526
оқылды
Атырау облысында көлік апатынан 14 жастағы бала мерт болды. Көлікті 16 жастағы жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз айдап кеткен. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 қарашада сағат 16:30-да болған.
«Құрманғазы ауданындағы Жасталап ауылының тұсында Toyota Corolla автокөлігі жол жиегіне аударылып, жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Апатқа ұшыраған көлікті 2008 жылы туған жасөспірімнің жүргізгені анықталды. Көлік салонында болған 2007 жылы туған 4 жасөспірім түрлі дене жарақатымен Құрманғазы аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы басталды. Жол апатының мән-жайын толық анықтау бағытында тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның барысында жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз автокөлікті айдап кеткені анықталды.