«Өмір сүруден шаршадым» – полицей суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды
«Өмір сүруден шаршадым» – полицей суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды
Фото: kaz.kazlenta.kz
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, 8 қараша күні сағат 11.16-да Ақтоғай ауданының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қуаныш Қабдрахманов үйдің ауласында мойын тұсынан пышақ сұғып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды байқаған. Оған жүгіріп жеткен полицей оның қолындағы пышағын алып, жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 58 жастағы ауыл тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өмірден түңілген ер адамның туысы Әлихан  Рахимов полицейлерге алғыс білдірді. Ақтоғай ауданы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қуаныш Қабдрахманов ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет етеді.   https://youtu.be/oG1igI_UbeQ