Кеше сатирик, жазушы, журналист Көпен Әмірбек өмірден өтті. Соңғы сапарға шығарып салу рәсімі туған жері Отырарда өтеді. Қонақасы: 10 қарашада болады. Қоштасу рәсімі 11 қараша, сағат 11.00-де аудандық Мәдениет сарайында, жаназасы 11 қараша күні 13.30-да Арыстанбаб мешітінде, асы сағат: 15.00-де «Жұлдыз» мейрамханасында өткізіледі.
Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты.