Үкімет басшысы кеншілердің қазасынан кейін «АрселорМиттал Теміртауға» қандай талап қойды?
Үкімет басшысы кеншілердің қазасынан кейін «АрселорМиттал Теміртауға» қандай талап қойды?
Фото: primeminister.kz
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жиі апат болатын «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қойған талап туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жуырда Ленин атындағы шахтада бес шахтер қаза тапты. ҚазАқпараттың мәліметінше, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жер қойнауын пайдалану үшін бірнеше міндеттеме қойды.
«Бұл компания үшін көмір өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа алғаш рет жыл сайын кемінде 150 млрд теңге көлеміндегі инвестицияны көмір өндірісін жаңғыртуға салу қажеттігі туралы қосымша талап жаздық. Сонымен қатар көмір қатпарларын газдандыру үшін 7 млрд теңге салады. Бұрын мұндай болған емес», – деді Әлихан Смайылов.
Бұған дейін Президент «АрселорМиттал Теміртаудың» шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтқанын хабарлаған болатынбыз.