Төтенше жағдай жарияланған Риддерде тағы да апат болды
Төтенше жағдай жарияланған Риддерде тағы да апат болды
Фото: kaz.tengrinews.kz
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да апат болды. Бүгін түнде Риддердегі жылу электр орталығында болған апат туралы қала әкімдігі хабарлады.
«9 қарашада жылу электр орталығындағы №6 жоғары қысымды қазандық іске қосылған болатын. 10 қараша күні түнгі сағат 01.00-де температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілді. Бірден жөндеу жұмыстары басталды», – деді қала әкімі Дмитрий Горьковой.
Оның айтуынша, қазір  орташа қысымды 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Апатты жою үшін мамандар жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін Риддерде төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.