Алматыда жылу құбыры жарылып, бірнеше нысан жылусыз қалды

Алматыда жылу құбыры жарылып, бірнеше нысан жылусыз қалды

Оқиға қаладағы Гоголь мен Шәріпов көшелері қиылысында болды. Алдын ала болжам бойынша, апаттың негізгі себебі құбырлардың ескіруі. Әкімдіктің хабарлауынша, қазір  апат болған ауданда ыстық су уақытша өшірілген. Нақтырақ айтсақ, 67 көппәтерлі және 2 жеке үй, 6 білім беру нысаны және 20-дан астам басқа нысандар уақытша жылусыз қалды.

"2022 жылғы 10 қарашада сағат 17.00-де Алмалы ауданында Гоголь және Шәріпов көшелерінің қиылысында жылу трассасы жарылды. Апатқа құбырдың тозуы себеп болған. Диаметрі 400 мм зақынданған құбырды жөндеу үшін ауданды ыстық сумен жабдықтау уақытша өшірілді. Жылу трассасы 30 жылдан астам уақыт бұрын – 1986 жылы пайдалануға берілді. Соңғы жылдары бұл аумақта құбырдың тозуына байланысты 17 апат болған, бүгінгі 18-оқиға. Зақымдалған құбырды және зақымдалған жерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. “Алматы жылу жүйесі” ЖШС мамандары құбырды жөндеп жатыр. Барлығы 3 бірлік техника мен 18 адам жұмылдырылды", – деп хабарлады Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.