Қар, жаңбыр, көктайғақ: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қар, жаңбыр, көктайғақ: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
355
оқылды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Астана қаласында 11 қарашада кей уақытта көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады деп болжануда. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облысының батысында 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, коқтайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.