СҚО-да түрмеде төбелес болып, бір адам қайтыс болды
СҚО-да түрмеде төбелес болып, бір адам қайтыс болды
357
оқылды
СҚО-ның Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан түрмеде төбелес болып, бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды.
"9 қараша күні №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталған екі адам арасында төбелес болған. Төбелес кезінде сотталғандардың бірі екіншісінің басын болжам бойынша балғамен бірнеше рет ұрған. Салдарынан 46 жастағы сотталушы Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимастан көз жұмды", – делінген хабарламада.
Бұл факті ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.