Ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
237
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Саммиті аясында Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Президент Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынасты, оның ішінде экономикалық ынтымақтастық­ты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.
– Біздің елдер арасындағы байланыс жақсы дамып келе жа­тыр. Әйтсе де, біз екі мемлекет­тің ынтымақтастығына тың серпін беруіміз керек деп ойлаймын. Әсіресе, арадағы сауда айналы­мы­ның көлемі әлі де қанағат­танарлық деңгейде емес. Бұл бағытта екі елдің де әлеуеті зор. Мажарстан – Қазақ­стан үшін маңызды серіктес ел. Сіз Премьер-ми­нистр ретінде біздің түрлі саладағы ынтымақтасты­ғы­мызды ілгерілетуге көп еңбек сіңіріп келе жат­қаныңызды білемін, – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан екіжақты кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты. Оның пікірінше, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше.
– Мен осыдан бірнеше жыл бұрын алғаш рет Премьер-министр қызметін атқарғанда Қазақстан мен Мажарстанның мәдени, экономикалық байла­ныстары өте берік болғанын білемін. Енді екі елдің ынтымақтастығына бизнес өкілдері тың серпін беруі керек. Қазақстанның ірі ком­па­ниялары Мажарстанға инвестиция құйса, эко­номикалық қарым-қатына­сымыз жаңа деңгейге көтерілер еді, – деді Мажарстан Премьер-министрі.
Кездесуде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.