Қылмысқа қарсы кешенді жоспар әзірленуде
Қылмысқа қарсы кешенді жоспар әзірленуде
292
оқылды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдап, биылғы 10 айдағы криминогендік жағдай туралы есебін тыңдады. Ми­нистрдің мәліметі бойынша, кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы, сондай-ақ бұрын сотталғандар тарапынан, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар азайған. Мемлекет басшысына құқық­бұзушылықтың алдын алу жұ­мыс­­тары, атап айтқанда, отба­сылық-тұрмыстық салада зор­лық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөнін­дегі кешенді шаралар әзірлеу туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстың себептері мен қаржыландыру көз­дерін жоюға баса мән бере оты­рып, оларға қарсы күрес тә­сіл­дерінің өзгергені жөнінде баян­­далды. Министрдің айтуынша, боп­салаумен, адам саудасымен, қару-жарақты, есірткіні заңсыз сатумен және басқа да қылмыс­тар­мен айналысқан 33 ұйымдас­қан қылмыстық топтың жолы ке­сілді. Полицейлер заңсыз ай­на­лым­дағы 12 тоннаға жуық есірт­кіні, соның ішінде оның 212 кг синте­тикалық түрлерін тәр­кіледі. 36 есірткі зертханасы мен 43 есірткі каналы жойылды, есірт­кілерді жарна­ма­лайтын 1900 сайт бұғатталды. Ми­нистр­лік на­ша­қор­лыққа және есірткі биз­несіне қарсы үш жыл­ға ар­налған Кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Сонымен қатар Президент­ке «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жеке заң әзір­леніп жат­қаны туралы баян­дал­ды. Кездесу соңында Мем­лекет басшысы елі­­мізде аза­мат­тардың қауіп­сіз­дігін және құ­қық­тық тәртіпті қам­тамасыз етуге ба­ғыт­талған бірқатар нақты тапсырма берді.