Қоғамдық кеңес бас қосты
Қоғамдық кеңес бас қосты
257
оқылды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Қоғамдық кеңес мүшелері­мен кездесті. Жиын барысында аймақ басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, жоспарларымен бөлісіп, қоғам қайраткер­лерінің сұрақтарына жауап берді. Әкім Абай облысының кешенді жос­парына да тоқталды.
«Біздің қаламызда 30 қыркүйекте бол­ған Мемлекет басшысы бірқатар тап­сырма берді, оның ішінде Абай облысының 2023-2025 жылдарға арналған кешенді даму жос­парын әзірлеу де бар. Бұл – облыс өмі­рінің барлық салаларына қатыс­ты ауқымды бағ­дарлама. Басқалармен қатар, жоспарда құны 300 миллиардқа жуық «Аягөз-Бақты» темір­жолының құ­рылысы, жаңа ЖЭО, әлеуметтік нысандар (мектептер мен ауру­ханалар), мұз сарайы, конгресс-холл салу көзделген», – деп түсіндірді өңір басшысы Нұрлан Ұран­хаев Қоғамдық кеңес өкілдеріне.
Қоғам белсенділері әкіммен өңірдің өзекті мәселелеріне қатысты өз көзқа­рас­тарымен бөлісті. Мысалы, газдандыру мә­селесі Абай облысы мен ШҚО бөлін­геннен кейін қайта қарауды талап етеді. Қоғамдық кеңестің мүшесі Қайрат Сма­ғұлов жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық тіркеу мәселесін көтерді. Өйт­кені, Абай облысының аумағында орна­лас­қан кен орындарын игеріп жатқан көп­теген компания басқа өңірлерде ресми түрде тіркелген. Сондай-ақ, өңірде ғылы­ми-зерттеу институттарын құру мүм­кін­дігін қарастыру туралы ұсыныс айтылды.
«Әлем тез өзгеруде, бәсекеге қабілетті болу үшін жаңа технологиялар мен инно­вациялық ұсыныстар қажет, бұл ғылымсыз мүмкін емес», – деп атап өтті Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков.
Ал Қоғамдық кеңес мүшесі Николай Исаев облыс орталығы мен ауылдық жер­лердегі қоғамдық көлік мәселесін көтерді.
«Әлеуметтік бағыттар субсидиялануы керек. Бірақ аудандық бюджеттерде бұл үшін қаражат әрдайым жеткіліксіз. Қазіргі уақытта Семейдегі тасымалдау жүйесі шешілуде, біз автобустарды толықтай электрондық билет жүйесіне енгізуге қол жеткізіп жатырмыз. Бұл – басты мәселе: қоғамдық көлікті субсидиялау үшін біз нақты жолаушылардың санын да, әлеу­меттік категорияларды да нақты білуіміз керек. Сонымен қатар, біздің тілектеріміз әрқашан біздің мүмкіндіктерімізге сәйкес келе бермейді. Бізге 3,1 млрд теңге қарыз мұра ретінде берілді. Соңғы уақытта біз оның 500 млн теңгесін көмірге бердік, де­генмен бұл ақша пайдалы істерге, суб­сидиялауға жұмсалуы мүмкін», – деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Б.ИКРАМОВА