Шымкентте Юнус Эмреге ескерткіш қойылды
Шымкентте Юнус Эмреге ескерткіш қойылды
434
оқылды
Шымкентте Қ.Яссауи ілімін жалғас­тырушы, түрік жұртына танымал ақын-жазушы Юнус Эмренің ескерткіші қойылды. Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Түркия Респуб­ликасының сыртқы істер ми­нистрі Мевлют Чавушоглу, Түр­кия Республикасының Шымкент қаласындағы Құр­метті Консул­дығының құрметті Консулы Асанов Латипша Қаймаханұлы мен қала тұр­ғындары қатысты.
Жиында сөз алған шаһар басшы­сы жазушы Юнус Эмренің шығарма­шылығы мен өмір жолына тоқталды. «Ю.Эмре бізге Қожа Ахмет Яссауи­дың сопылық ілімін жалғастырушы ретінде белгілі автор. Оның шығар­малары сүйіспеншілік пен мейірім­ділікке негізделген. Түркі жұртына танымал «Көк түрік» деп рух берген Мағжан Жұмабаевтың шығармалары да Юнус Эмре есімімен тығыз бай­ланысты», – деді М.Әйтенов.
Қала басшысы Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен Түркия Республикасы Президенттерінің жыл сайынғы кездесулері достық пен мемле­кетаралық қатынастардың беріктігін де тілге тиек етті. Сонымен қатар, ол түбі бір түркі жұртының та­рихы мен мәдениетінің және рухани байланыс­тарына негізделген қазақ-түрік достығының дәлелі ретінде Шым­кент қаласының Измир, Ескишехир, Адана қалаларымен достық байла­ныс орнатқанын да атап өтті. Түркия елімен стратегиялық жоспарлардың, сауда-экономикалық қарым-қатынас пен бір­лескен жобалардың жаңа белеске көтеріле­тініне сенім білдірген қала әкімі Шымкент қаласы мен Түркия Рес­пуб­ликасы арасындағы бауырлас­тықтың нығаюына үлкен үлес қосып жүрген Түр­кия Республикасының Шымкент қаласын­дағы Құрметті Консулдықтың құрметті Консулы Латипша Қаймаханұлының атқарған еңбегін ескерусіз қалдырмады. Сөз соңында М.Дүйсенбекұлы жиылған жұртқа ақжарма тілегін жолдап, зор денсаулық, берекелі табыс, бақ-береке тіледі.

Шымкент қаласы