Семейге қатынайтын ұшақтар көбейеді
Семейге қатынайтын ұшақтар көбейеді
411
оқылды
Келер жылы Абай об­лысының әкімшілік орталығы – Семей қаласына әуе рейстерінің жиілігін арттыру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Нұр­лан Ұранхаевтың FlyArystan ком­паниясының басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннспен кездесуі барысында белгілі болды. Тараптар жолау­шылар ағыны мәселелерін және алдағы уақыттағы өңір мен ком­пания арасындағы бірлесіп ат­қаратын жұмыстарды талқы­лады. Нұрлан Ұранхаевтың ай­туын­ша, қазіргі рейстер Астана мен Алматыдан келетін жолау­шылар үшін аздық етеді. Сон­дық­тан Абай облысының әкім­шілік орталығы мен Қазақ­станның ірі қалалары арасында әуе қатынасының жиілігін жолға қою аса маңызды болып отыр. Абай аэропорты FlyArystan әуе компания­сының басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннс атап өткендей, биыл авиакомпания Семей қаласынан Шымкент қаласына қосымша авиа­мар­шрут­ты орындады. Авиа­ком­пания осы өңірдегі жолаушылар ағынын ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыратын болады. Жақын арада Семей әуе­жайында өзін-өзі тіркеу сөрелері пайда болатыны белгілі болды.

Азат ҚАЗАҚ