Жандарбек Бекшин коронавирусқа қатысты даурығуға негіз жоқ екенін айтты
Жандарбек Бекшин коронавирусқа қатысты даурығуға негіз жоқ екенін айтты
© 24.kz
171
оқылды
Еліміздің Қытаймен шекаралас аймақтарының кедендік бекеттерінде бақылау күшейтілген, деп хабарлайды «Хабар 24». Мәселен, аспан асты елінен бізге кіретін жүк көліктері екі жақтан да жіті тексеріледі. Шекарадан жеңіл автокөліктермен өтетіндер де қадағаланып отыр. Жүргізушілердің барлығы сауалнама толтырып, Қазақстанда тоқтайтын мекенжайларын жазады. Осы арқылы Қытайдан елімізге келгендер медициналық бақылауда болады. Бас санитар дәрігер даурығуға негіз жоқ дегенді айтты. Оның үстіне көрші мемлекетте коронавирустың таралуы сәлде болса бәсеңдеген. Ал еліміздегі сақтық шаралары әлі де күшейтіле бермек. "Ең бірінші Жаркентте көрдім. 200 резерв төсек орын дайындап қойыпты. Басқа да аймақтарда, Достықта болдым. Олар да 124 төсек орын дайындап қойыпты. Тағы айту керек. Ешқандай қауіп жоқ", - деді ДСМ комитеті төрағасының орынбасары – бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.