Британдық The Daily Star таблоиды өркениет кезеңдерін болжайтын World One суперкомпьютері адамзаттың жойылу кезеңін анықтағанын жазды. Суперкомпьютер 2040-2050 жылдары адамзат өркениетінің күйрейтінін болжаған. Бұл туралы Aikyn.kz басылымға сілтеме жасап хабарлайды.
[caption id="attachment_226741" align="aligncenter" width="1763"]
Сурет Getty Images фото банкінен алынды[/caption]
1970 жылдары Рим клубы тапсырыс берген компьютер жердегі өркениет 2050 жылы апат болады деп есептейді.Ақырзаманның себебі адамдардың өмір сүру дағдыларымен байланысты, атап айтқанда, қоршаған ортаның ластануы мен оның жағымсыз салдары болмақ. [caption id="attachment_226742" align="aligncenter" width="1786"]
«Шамамен 2040 және 2050 жылдар аралығында бұл планетада біз білетін өркениетті өмір жойылады», – делінген болжамда. Тіпті «экологиялық таза» автокөліктерге толық көшу және тууды қатаң бақылау да жағдайды оңалта алмайды.The Daily Star сонымен қатар World One-ның 2020 жылға арналған бұрынғы болжамында планетаның жағдайы «өте қиын» болады деп мәлімдегенін еске салады. [caption id="attachment_226743" align="aligncenter" width="1225"]
Ғалымның болжамы бойынша, 2,4 градус жылыну Жерге алдын ала болжау мүмкін емес қауіп төндіреді және өмірді күрт өзгертеді.Мүмкін, планетаның бір бөлігі өмір сүруді тоқтатады. Адамзат өркениетінің сынаққа жақын қалғаны ғалымдарды да, әлем елдерін де ойландыруы тиіс.