Әлеуметтік қызметкердің атын жамылған 62 жастағы әйел зейнеткерлерді алдап кеткен
Әлеуметтік қызметкердің атын жамылған 62 жастағы әйел зейнеткерлерді алдап кеткен
Фото: polisia.kz
Алматыда 62 жастағы әйел зейнеткерлерді алдап соққан, – деп хабарлады Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған 62 жастағы әйел ұсталды.
«Күдікті өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, қарттарға азық-түлік жеткізіп, қамқорлық жасайтын сыңай танытқан. Әйелге сеніп, алданып қалған аудан тұрғындары полицияға арызданды. Алаяқ әйел өзін «әлеуметтік қызметкермін» деп таныстырып, азық-түлік дүкеніне барып келуді ұсынып, зейнеткерден бірнеше рет ақша ауыстырып беруін сұраған, ал жинақтың қайда сақталғанын көргеннен кейін, қолайлы сәтте 3 миллион теңгені ұрлап кеткен. Күдікті қазір қамауда отыр. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Күдікті бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.