Алматыда базардағы алапат өртті бір сағатта сөндірді
Алматыда базардағы алапат өртті бір сағатта сөндірді
Фото: ТЖД-нен алынды
Бүгін Алматыда базар өртенді. Өртті бір сағатта сөндірді. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Оқиға орнында жеке құрамның 86 қызметкері, 25 техника жұмылдырылды. Жалынды ауыздықтау үшін 3 учаске құрылды. Өрт ошағын анықтауға тепловизорлар қолданылды.    width= Отқа оранған қойманың бетон конструкцияларының құлау қаупі болғандықтан өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше назар аударды. «Алапат өрт 1 сағат 9 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», – деді ТЖД өкілі.    width= Бұған дейін Алматыда базар өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.    width=