«VIP-рұқсат қағазбен» көлік жүргізіп, жол ережесін өрескел бұзған қыз халықтан кешірім сұрады
«VIP-рұқсат қағазбен» көлік жүргізіп, жол ережесін өрескел бұзған қыз халықтан кешірім сұрады
коллаж: Halyq Uni
Қаскелеңде «VIP-рұқсат қағазбен» көлік жүргізіп, жол ережесін өрескел бұзған қыз жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Ішкі істер органдары Алматы облысы тұрғынының жол ережелерін бұзғаны көрсетілген Интернет желісіндегі видеоны тексерді.
«Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 597-баптың 4-бөлігі (Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жерде тоқтап тұру), 599-баптың 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту), 590-баптың 2-бөлігі (Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз автокөлік құралын басқару) бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ оның Instagram желісіндегі белгісіз тұлғалардан сатып алған VIP-рұқсат қағазы жалған», – деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Желіде дау тудырған видео кейіпкері бұл әрекеті үшін өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұраған видео жарияланды.
«EGOV.PRESS порталында жарияланған бейнеролик үшін барша Қазақстан халқынан шын жүректен кешірім сұраймын. Аталған бейнероликтегі әрекеттерімнің дұрыс емес екенін түсіндім және сол әрекеттерім үшін кінәмді толықтай мойындаймын. Алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауына сөз беремін. Сонымен қатар, мұғалім болып жұмыс атқармаймын және қандай да бір лауазымды қызмет атқаратын туысқандарым жоқ», – деді ол.